Қазақстандық өндірушілер нарықтағы аяқ киімнің 3%-ын ғана шығарады. Бұл ретте аяқ-киімнің сапасы туралы сөз болған жоқ
2021 жылғы қарашадан бастап Қазақстанда аяқ киімді таңбалау басталды. Бағдарлама операторының мәліметінше, отандық өндірісте аяқ киімнің үлесі жалпы нарықтың 3%-ынан аспайды.
Негізгі импорттаушылар Қытай, Ресей, Түркия және Өзбекстан. Аспан асты елінен келетін тауарлардың үлесі Қазақстанға жасалатын импорттың 60%-ынан асады.
Сондай-ақ, бутик иелері мен көтерме саудагерлер таңбалау бағдарламасы басталғанға дейін әкелінген аяқ киімдерді тегін таңбалай алады. Акция 2022 жылғы 1 наурызда басталады, шағын бизнес өкілдерінің өтінімдері 2022 жылғы 1 маусымға дейін қабылданады.