Қазақстандық мектептерде соңғы қоңырау соғылды

Алматыда түлектерден бөлек барлық оқушыларда соңғы қоңырау офлайн режимде өтіп жатыр.

«9 және 11 сыныптарға келетін болсақ, олар үшін оқу жылы әлі аяқталған жоқ. Алда оларды қорытынды аттестаттау күтіп тұр. 9 сынып үшін бірінші емтихан 28 мамырда, 11 сынып үшін 1 маусымда басталады. Оларға қорытынды баға қойылғаннан кейін, маусым айының ортасында аттестаттар онлайн-режимде табысталады.

Егер эпидемиологиялық ахуал тұрақтанса, біз «бір сынып — бір линейка» қағидаты бойынша линейкаларды өткіземіз деп күтіп отырмыз. Табыстау рәсімі әр сынып үшін жеке өткізіледі», — деді Медеу білім бөлімінің басшысы Ағайша Сапарова.

Добавить комментарий