Қазақстандық режиссер Фархат Шәріповтің фильмі Қазан Халықаралық мұсылман кинофестивалінде Гран-при алды.
Картина Александр Плотниковтың операторлық жұмысы үшін марапатқа ие болды.
Қазақстандық режиссер Фархат Шәріповтың «18 килогерц» фильмі XVII Қазан халықаралық мұсылман кинофестивалінде ең үздік толық метражды ойын фильмі үшін — Гран-при бас жүлдесін алды. Картина сонымен қатар Александр Плотниковтың операторлық жұмысы үшін марапатқа ие болды, деп хабарлады фестивальдың сайты.
«18 килогерц» фильмі — 90-шы жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірі баяндалатын көше тарихы. Зара Есенаманның «Хардкор» повесі бойынша түсірілген. Картина қазақстандық прокатқа 2021 жылдың ақпан айында шықты.
Былтыр «18 килогерц» фильмі Қазақстан кино тарихында алғаш рет 36-шы Варшава халықаралық кинофестивалінің Гран-приін жеңіп алды. Кейін фильм Котбустағы (Германия) 30-шы Халықаралық кинофестивальде үздік деп танылды.
Бүгінде режиссер Фархат Шәріпов «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ тапсырысы бойынша түсірілген «Хардкор» кинолентасының кезекті картинасын түсіріп жатыр. Өзінің жаңа фильмінде автор нашақорлық тақырыбын көтеріп, қазіргі уақытта бұл ең өзекті проблемаға айналып отырғанын көрсетеді. Алдағы күндері Алматыда фильмнің ақтық түсірілімі өтеді.
XVII Қазан Халықаралық мұсылман киносы фестивалі Татарстан республикасының астанасында 5-10 қыркүйек аралығында өтті. Биыл форумға 45 елдің кинематографистері өтінім берген.