Алматы мен Астанада журналистерге қарсы қылмыс жасады деген күдікке ілінген жиырма шақты адам ұсталды.
Былтыр қыркүйек айынан бастап жеті журналист пен блогерге қатысты олардың қызметімен байланысты бірқатар құқыққа қарсы әрекеттер жасалды.
Былтыр қыркүйек айынан бастап жеті журналист пен блогер көлік өртенгені, жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келгені, қоқан-лоқы көрсетілгенін мәлімдеді.
«2022 жылғы қыркүйектен бастап ағымдағы жылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ 1 адамға қатысты олардың қызметімен байланысты бірқатар құқыққа қарсы әрекеттер жасалды. Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі заттарды жөнелту арқылы қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және Интернет желісінде дербес деректерін тарату фактілері жасалды», — деп хабарлады ІІМ.
Осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
ІІМ хабарлағандай, қазір ҚР ҚК-ның төмендегі баптары бойынша 20 қылмыстық іс тергелуде:
115 “Қауіп”,
147 “Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату”,
158 “Журналистік қызметке кедергі жасау”,
202 “Бөтеннің мүлкін қасақана жою”, 293 “Бұзақылық”
«Бұған қатысы бар 18 адам ұсталды. Дәлелдемелік базаны нығайту бойынша қажетті тергеу-жедел іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ІІМ.