Қазақстандық фермерлер елордалық алаяқтардың арбауына түсті

Нұр-Сұлтандық алаяқтар шаруаларды алдап, тауар үшін олардан 37 млн теңге алған.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«2020-2022 жылдар аралығында Жезқазған қаласының ПБ тергеуіне 116 шаруа қожалығының иелері арызбен жүгінген. Олардың барлығы алаяқтық әрекеттің құрбаны болды. Алаяқтар жәбірленушілердің әрқайсысына құны 2,5 млн болатын қарда жүретін көлік және құны 300 мың болатын киіз үйлерді тегін жеткізуді ұсынған. Сонымен қатар, алаяқтар шаруа қожалықтарына агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау ережелері шеңберінде шығындардың бір бөлігі өтелетінін мәлімдеді», — делінген хабарламада.

Алаяқтар кеңсе ашып, үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Олардың келтірген залалының сомасы 37 млн теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер елорданың 28-34 жас аралығындағы үш тұрғынын ұстады. Олар Қарағанды облысының шаруа қожалықтарының иелерін қаражатын заңсыз иемденгенін мойындады. ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, дәлелдемелер базасы бекітілгеннен кейін қылмыстық іс соттың қарауына жіберілді», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий