Қандықол қылмыскерге екінші үкім шығарылды

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өлтіру ісі қаралды, істі судья Нұрлан Айтбаев қарады

Сотталушының кінәсі жауап алынған куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, құжаттық және заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Мас күйінде қылмыс жасау ауырлататын жағдай болса, кәмелетке толмаған бес баласының болуы жазаны жеңілдететін жағдай деп танылды, — деп жазады Pavlodarnews.kz.

Прокурор ер адамды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші прокурормен келісті

ҚК 125-бабы 2-бөлігі 1, 3, 4-тармақтары 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 3, 5, 7-тармақтары 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейді, — деп хабарлады облыстық сот.

Алқабилердің үкімімен ер адам тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, оған 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленуші тарап үкімді тым жұмсақ деп атады.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Қылмыс 2018 жылдың маусым айында жасалған. Іс материалдарына сәйкес, Ақсу қаласындағы кафелердің бірінде ерлер арасында төбелес шыққан. Кісі өлтіру ісі бойынша сот болғанына қарамастан, демалушылардың бірі екіншісін інісін өлтірді деп айыптады және бұл қылмысқа кінәлілер колонияда жазасын өтеп жатыр.

Ер адам жәбірленушіні бірнеше рет соғып, содан кейін дастарханда отырған жігітпен бірге оны көшеге алып шығады. Олар құрбанын көліктің багажына салып, марқұм ағасы жерленген Май ауданына әкеледі. Сол жерде аяусыз ұрып-соғуды жалғастырады. Таяқпен денесіне жүзден астам соққы жасағаланнан кейін жәбіірленуші тіл тартпастан кетті.

Бұл қылмысқа қатысы бар ер адамдардың бірі 2019 жылдың сәуір айында 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Екіншісі қашып кетті, оған қатысты іс жеке өндіріске алынды. 2021 жылы 10 ақпанда ол ұсталып, қамауға алынды. Сотта айыпталушы адам ұрлау фактісі бойынша кінәсін мойындады, ол кісі өлтірді деп тағылған айыпты жоққа шығарды.

Добавить комментарий