Жазғы демалыс: оқу жылы қашан аяқталады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанның мектептерінде оқу жылын аяқтау туралы бұйрыққа қол қойды.

«Барлық қазақстандық орта білім беру мекемесі оқу жылын 25 мамырда аяқтайды. Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады. 9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Мектеп оқушыларының каникулы 1 қыркүйекке дейін жалғасады», — делінген министрдің әлеуметтік желіде жарияланған хабарламасында.

9 сыныптардың емтиханы 28 мамыр мен 4 маусым аралығында, 11 сыныптардікі 27 мамыр мен 8 маусым аралығында өтеді:

оқыту тілі бойынша — 28 мамыр;

математика бойынша — 31 мамыр;

қазақ/орыс тілдері бойынша — 2 маусым;

таңдаған пәні бойынша — 4 маусым;

алгебра және талдау бастаулары бойынша — 27 мамыр;

оқыту тілінде эссе — 30 мамыр;

Қазақстан тарихы бойынша тестілеу — 3 маусым;

қазақ/орыс тілдері бойынша тестілеу — 6 маусым;

таңдаған пәні бойынша тестілеу — 8 маусым.

Қайта тапсыру мерзімін мектептердің өздері белгілейді.

Добавить комментарий