Қазақстанда жол қызметкерлері Екатеринбург-Алматы тас жолындағы жаңа қауіпсіз қоршауларын тестілеуде. Бұл қоршаулар жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру үшін күре бұрылыстар, жартастағы жолдар, туннельдерге кіру және шығу, жол айрықтары, автомагистральдар және қиылыстардағы жолдардың күрделі учаскелерінде орнатылады.
Жол бойымен жүріп келе жатқан көлік жол-көлік оқиғасына ұшыраса, құрылғыда орнатылған барабандарың айналуына байланысты жолдың екінші бетіне шығып кетпей, осы құрылғы бойымен қозғалады.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы өкілдерінің айтуынша, таяу айда Екатеринбург-Алматы тас жолының басқа учаскесінде жаңа қоршаулар орнатылады, бұл тасжолда жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді.