Астанадағы көшелердің біріне қаза тапқан өрт сөндірушінің есімі берілді

Елордадағы көшелердің біріне өрт сөндіру кезінде батырлық көрсеткен өрт сөндірушінің есімі берілді.

Астанада көшелердің біріне өрт сөндіруші Саят Әбеевтің есімі берілді

Бұл туралы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құтқарушылар күніне орай Абеев Саят Сапарбекұлының есімі берілген көшеге ескерткіш тақта орнатылып, ағаштар отырғызылды. Еске алу іс-шарасына Саят Сапарбекұлының туыстары, азаматтық қорғау органдары ардагерлері, ТЖД басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Еске салайық, елордалық өрт сөндірушілер 2010 жылы 17 ақпан қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан болатын. .

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс мүлкі сақталған бомба баспанасында шыққан өртпен арпалысқан үш қызметкерінен айырылды.

Солардың бірі Саят Абеев. Саят Сапарбекұлы азаматтық қорғау органдарында 1997 жылдан бастап қарапайым өрт сөндірушіден Астаналық ТЖД №3 МӨСБ бөлім бастығының орынбасары лауазымына дейінгі қызметтерді атқарған.

Саят мінсіз қызметі және гарнизонның дамуына қосқан қомақты үлесі үшін 2007 жылы III дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған болатын.

17 қазанда Астанада Құрушылар күніне орай елордалық ТЖД қызметкері Саят Сапарбекұлы Абеевтің есімі берілген көшеде естелік тақта орнатылды.

Еске алу іс-шарасына Саят Сапарбекұлының туыстары, азаматтық қорғау органдары ардагерлері, ТЖД басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ іс-шара барысында Саят Абеевтің жақындары, ТЖД қызметкерлері мен ардагерлері ағаш отырғызды.

 

Добавить комментарий