Қазақстанда жас қызды зорлап кетті

Қазақстанның солтүстік бөлігінде азғындық әрекет жасалды. 14 жасар қыз зорланды.

15 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Булаево қаласындағы үйлердің бірінде 14 жасар қыз зорланғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Аталған дерек ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігінің 3-1-тармағы «Зорлау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. 23 жастағы Булаево тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта ол УҰИ-ға қамалды», — делінген хабарламада.

Осы факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, қазір істің мән-жайын зерделеуге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, азаматтардан тек тексерілген, расталған ресми ақпаратқа назар аударуды сұраймыз», — деп толықтырды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, СҚО Мағжан Жұмабаев ауданында мектеп оқушысының сыныптастарын пышақтап қорқыту фактісі бойынша арыз түскен жоқ. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша полицейлер тексеріс жүргізуде.

Добавить комментарий