Петропавлдық егде жастағы әйел алаяққа алданып, жарты миллион теңгеден астам ақшасынан қағылды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/03/speech-50547-1679411101-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Петропавл қаласының егде жастағы тұрғыны қан қысымына қарсы дәріні алмағаны үшін жарты миллион теңгеден астам болатын өтемақы төлеуге уәде берген алаяқтардың арбауына түскен. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, алаяқтар зейнеткерді сақтандыру, тексеру және транзакция төлемдерін төлеуге көндіру үшін өздерін заңгер мен қаржыгер деп таныстырған.

Жәбірленуші өзінің жеке жинаған қаржысын пайдаланып, таныстарынан қарызға ақша алып, қылмыскерлерге 500 мың теңге аударған. Алайда егде жастағы әйелдің құрбысы алаяқтардың осындай қулығы барын ескертіп, полицияға жүгінуге керектігін айтқан, тәртіп сақшылары аталған фактіні бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев облыс тұрғындарынан қарт туыстарына интернет-алаяқтық қаупін түсіндіруді сұрап, бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеуге шақырды.

Добавить комментарий