Қазақстанда жалған ақпараттан қорғау үшін қосымша шаралар қабылданады

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев елімізде сайлау кезінде халықты жалған ақпараттан қорғау үшін шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Қазақстан Президенті республиканың ақпараттық жүйелеріне кибершабуыл жиілеп кеткенін хабарлады

Қазақстан билігі президент сайлауы науқаны барысында жалған ақпаратпен күресу үшін қосымша шектеулер енгізуі мүмкін. Бұл туралы дүйсенбі күні ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Соңғы бірер айда еліміздің мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне кибершабуыл жасала бастады. Мұндай әрекеттер, әсіресе, қазіргі науқан кезінде көп болды. Біз бұған жол бермейміз, жалған ақпараттың таратылуына тыйым саламыз», — деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғайды. «Елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке айналамыздағы геосаяси ахуалдан бөлек, өз ішіміздегі ахуал да айрықша әсер етеді. Елге іріткі салып, алауыздық туғызатындар өз ішімізде де, сыртта да бар. Әр нәрсеге немқұрайлы қарап, жайбарақат жүруге болмайды», — деді Мемлекет басшысы.

Добавить комментарий