Қытайда тыңшылық жасады деген күдікпен Австралиялық тележүргізуші тұтқындалды

Қытайдың CGTN телеарнасында жұмыс істеген австралиялық тележүргізушіні Қытай билігі тыңшылық жасады деген күдікпен тұтқындады.

Қытай билігі Аустралия үкіметіне Чэн Лэй алты ай қамауда болғаннан кейін оның тұтқындалғаны туралы хабардар еткен. Австралия сыртқы істер министрі Мариз Пейннің мәлімдемесінде 2020 жылдың 13 тамызынан бастап Қытайда қамауда отырған Чэн Лэй ресми түрде 5 ақпанда тұтқындалғаны айтылған.

«Қытай билігі Чэн ханымның мемлекеттік құпияны шетелге берген деген күдікпен тұтқындалғанын хабарлады», — делінген хабарламада.

Пейн аустралиялық азаматшаға қатысты барлық халықаралық нормалардың сөзсіз сақталатынына сенетінін нақтылады.

Аустралияның Сыртқы істер министрлігі Чэн Лэйге қарсы тағылған айып айтарлықтай ауыр екенін түсіндірді, сондықтан істі қарау бірнеше айға созылады деп күтілуде. Тұтқындалған журналистің отбасы мен балалары Мельбурнде тұрады.

«Біз оның кінәсіз екеніне сенімдіміз», — деді отбасы өкілі өз сөзінде.

Добавить комментарий