2023 жылы Қазақстандағы еңбек нарығындағы жалақы мөлшері қандай болды. hh.kz мәліметінше, елдегі орташа жалақы 223 792 теңгені құрайды. Алайда, бірнеше бос жұмыс орындары жоғары жалақы ұсынып, мамандардың қызығушылығын тудыруда.
2023 жылы жоғары жалақы төленген бос орындар:
Алматы қаласы бойынша персонал және стратегиялық даму департаментінің директоры
Ұсынылып отырған жалақы: 3 млн-нан 5 млн теңгеге дейін.
Астанадағы Team Lead Backend Developer
Жалақы мөлшері: 10 мың долларға дейін (шамамен 4,5 млн теңге).
Астанадағы өндіріс жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары
Жадақы: салықтан бөлек 8750 долларға дейін (шамамен 3,9 млн теңге).
Алматыдағы ірі зауыт директоры
Жалақы: 4 мыңнан 8 мың долларға дейін (шамамен 2 млн-нан 3,6 млн теңге).
Астанадағы жетекші AI Data Scientist
Жалақы: Ұсынылып отырған жалақсы, салықтан бөлек 8 мың долларға дейін (шамамен 3,6 млн теңге).
Бұл бос жұмыс орындары мансаптық өсу мен қаржылай табыс табуға бірегей мүмкіндіктер береді.
Сату жөніндегі менеджерлерге, клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі менеджерлерге, бухгалтерлерге, сатушы-консультанттарға және сатушы-кассирлерге сұраныс сақталып отыр. Бұл мамандар барлық бос орындардың сәйкесінше 10%, 7% және 5% құрайды.
Бір қызығы, жұмыс іздеушілер саны 53% -ға артып, бір жарым миллион адамға жетті. Жұмыс берушілер жарты миллионнан астам бос жұмыс орындарын жариялады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 28%-ға көп. Ұсыныстардың көпшілігі (94%) толық жұмыс күні, тек 3% қашықтықтан жұмыс.
Жұмыспен қамту саласындағы ең үлкен бәсекелестік Алматы (42%), Астана (21%), Қарағанды (5%), Шымкент (4%) және Өскемен (2,5%) қалаларында шоғырланған.