Алматы әкімі ұйымдастырылмаған сауда ережесінің өзгеруіне қатысты пікір білдірді

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде Алматыда ұймдастырылмаған сауда үшін жаңа ереже қабылданатынын айтты.

Нормалар Әділет министрлігінің қарауына жіберіледі, деп түсіндірді ол.

Әкім Алматы Полиция департаменті айыппұл салып, ұйымдастырылмаған сауда нысандарын жаба алатынын атап өтті.

Әкіммен өткен кездесуде аудан тұрғындары ұйымдастырылмаған сауда мәселесін көтерді: адамдар сол бұрынғыша әлі күнге дейін көше бойында саудасын жүргізіп жатыр, осыған шара қабылдайсыздар ма?

«Ұйымдастырылмаған сауда үшін жаңа ережелер қабылданады, біз оларды әзірледік. Қалалық полиция департаменті айыппұл салып, ұйымдастырылмаған сауда нысандарын жаба алады. Ереже әзірленіп, ҚР Әділет министрлігіне қарауға жіберілді. Ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін ережелерді бізге қайтарады деп үміттенеміз. Бекітілгеннен кейін 10 күннен соң жаңа ережелер дереу күшіне енеді. Ереже бекітілгеннен кейін қала әкімшілігі мен полиция тек Бостандық ауданында ғана емес, бүкіл қалада да ұйымдастырылмаған саудаға қарсы күресетін болады», — деп жауап берді қала әкімі.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары — Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мамыр айында Бас прокуратура 122 базарды тексеруді аяқтағанын айтты. Анықталған бұзушылықтар — нарық иелері мен әкімшілігінің қызметін регламенттеудің жоқтығы;; сауда орны үшін жоғары жалдау мөлшерлемелері — күніне 15 мың теңгеге дейін; нарық әкімшілігінің қосымша қызметтер көрсету бойынша үлестес жеткізушілерді тықпалауы. Осы проблемаларды шешу үшін және нарықтардың қызметін жаңғырту үшін Сауда және интеграция министрлігі мынадай заңнамалық түзетулер енгізуді ұсынады:

1) нарықтың меншік иесіне сауданы ұйымдастыру үшін жеке жауапкершілік беру;

2) нарықтарға қойылатын біліктілік және инфрақұрылымдық талаптарды белгілеу;

3) отандық тауар өндірушілердің сауда алаңдарына бәсекелі және еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйені құру болып табылады.

Добавить комментарий