Ақтөбе облысында Қазақстандағы қаңтар айында болған тәртіпсіздіктерге байланысты қозғалған істер аясында 1,5 мың адам ұсталды.
«Терроризм актілерін, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық қолдану, мемлекеттік ғимараттарға шабуыл жасау және оларды басып алу фактілері бойынша 14 қылмыстық іс қозғалды, полиция органдарына 1,5 мыңға жуық адам жеткізілді, 16 адам қамауға алынды, тағы үшеуі үй қамақта», — деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Әкімшілік істерге келер болсақ, 339 іс прокурорлардың наразылығы мен адвокаттар түсірген шағымдар бойынша қайта қаралды. Облыстық соттың ақпараты бойынша, әуел баста 45 адамға айыппұл салынып, 294 адам қамауға алынған. Апелляциялық алқа жазаны жеңілдетті. Қамауға алынған 294 адамның жазасын өтеу мерзімін мерзімін қысқартты, 41 адамға қатысты айыппұлды ескертуге ауыстырды, тағы төрт іс бойынша айыппұл сомасын азайтты. Негізінен ТЖ режимін және бейбіт митингілерді ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды.