Қазақстанда кеше, 2021 жылғы 16 сәуірде экипаждың екі мүшесі басқаратын СУ-30 СМ маркалы әскери жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.
Ашық дереккөздерден белгілі болғандай, жойқын ұшақ маневр жасап, қону сәтінде апатқа ұшыраған.
«16 сәуірде Балқаш авиациялық оқу орталығында оқу-жаттығу ұшулары өткізілді. СУ-30СM көп функционалды жойғыш ұшағы қону сәтінде апатқа ұшырады. Ұшақ экипажында екі адам болды, екеуі де катапульталанды. Ұшқыштар аман және медицина қызметкерлерінің бақылауында», — деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.