Қазақстанда денсаулық сақтау саласын реформалау жоспарлануда

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Салауатты ұлт» жобасы президенттің жолдауында айтылған санитарлық-эпидемиологиялық қызметті нығайтуға және отандық дәрі-дәрмек өндірісін дамытуға қатысты тезистерін ескеретінін хабарлады.

Ұлттық жоба жалпыұлттық басымдықтар сияқты еліміздің стратегиялық құжаттарын ескереді: Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары; Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!», — деп келтіреді министрдің сөзін баспасөз қызметі.

Жобада 2025 жылға дейін нақты, қол жеткізуге болатын міндеттерді қамтиды. Сонымен қатар, министрлік саланың ұзақ мерзімді перспективалары мен операциялық қызметін көрсететін денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуде.

Жалпы ұлттық жоба медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды; эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыруды; отандық фармацевтика саласын дамытуды; саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін ұлғайтуды және бұқаралық спортты дамытуды қамтитын 4 бағыттан тұрады. Оны іске асыру медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, жүкті әйелдердің денсаулығын сақтауға және балалардың денсаулығын нығайтуға, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалтумен қамтуға, кадр әлеуетін нығайтуға ықпал ететін болады. Сондай-ақ, эпидқызмет пен отандық фармацевтика өнеркәсібі жетілдірілетін болады.

Добавить комментарий