Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың қанша жағдайы анықталғанын хабарлады.
20 ақпандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирустың расталған 70 жағдайы тіркелді және коронавирус белгілері бар пневмонияның бір жағдайы тіркелді.
21 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 641 адам коронавирус инфекциясынан (–1 476+ және 165 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 131 пациент стационарда, 1 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 2 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Еске сала кетейік, 18 ақпандағы мәлімет бойынша, бір тәулік ішінде COVID-19 жұқтырудың 63 жағдайы тіркелген еді.