АҚШ гуманитарлық көмек ретінде Қазақстанға вакцина береді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/11/speech-42015-1667814579-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

АҚШ билігі Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакцина беру туралы шешім қабылдады. Бұл акция гуманитарлық көмек ретінде көрсетілетіні хабарланды.

Қазақстан Үкіметі мен АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі арасында гуманитарлық көмек көрсету туралы келісімнің жобасы әзірленді.

Атап айтқанда, келісім Pfizer-BioNTech шығарған COVID-19 қарсы вакцинасын 5-11 жастағы балалар арасында төтенше жағдайда қолдану үшін АҚШ-та мақұлданған және бүгінге дейін АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек санитарлық қадағалау басқармасы (FDA) бекітпеген немесе лицензияланбаған вакцинасын беруді көздейді.

Қазақстан оны пайдалану жауапкершiлiгін мойнына алады, сондай-ақ материалдардың республикаға уақтылы жетуін қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаралар қабылдайды.

Бұл ретте материалдар Қазақстанға импортталатыны және салықтарды, алымдар мен комиссияларды төлеу бойынша ешқандай міндеттемесіз халықты вакциналау үшін қолданылады.

Аталған келісімге ҚР Үкіметі атынан қол қою ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа жүктелді.

Құжат 21 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Добавить комментарий