Қазақстандағы 2020 жылғы 7 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 2020 жылғы 7 қазанда Қазақстанда дауыл және ауа-райының нашарлауы күтіледі.

Метеорологтардың болжамдарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Петропавл: 7 қазанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. 7 қазанда тәулік бойы батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 7 қазанда Қарағанды облысында кей жерлерде тұман болады. Таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысында 7 қазанда түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Батыстан солтүстік бағытқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай: 7 қазанда батыстан солтүстік бағытқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

7 қазанда түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде 3 градус суық болады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Ақмола облысында 7 қазанда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Өскемен: 7 қазанда көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Семей: 7 қазанда көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Добавить комментарий