
Синоптиктер ертең, бейсенбі, 5 мамырда Қазақстанда ауа райының қандай болатынын айтты.
Республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады.
«Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, батыста тұман түседі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, түнде найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында шаңды дауыл болады, күндіз оңтүстікте, батыста, облыс орталығында найзағай ойнайды, күн күркірегенде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының шығысында және солтүстігінде таңертең және күндіз найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының батысында және солтүстігінде таңертең және күндіз найзағай ойнайды.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Ақтөбе, Павлодар облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +5… +7°С, күндіз +18… +20°С болады.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады, түнде қатты болады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +13… +15°С, күндіз +19… +21°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +12… +14°С, күндіз +26… +28°С болады.