Қазақстанда қуаңшылыққа байланысты дәнді дақылдардың үшінші бөлігі шығынға ұшырауы мүмкін.
Қазгидрометтің мәліметінше, биыл Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Маңғыстау облыстарында жауын-шашын өте аз туседі деп күтілуде.
Құрғақ ауа райы елдің солтүстік бөлігінде болады. Бұл ретте мамандар жоғары ауа температурасы және жауын-шашынның аздығы астық түсіміне теріс әсерін тигізеді деп қауіптеніп отыр.
Ерболат Мұқанов, «Қазгидромет» РМК басқарма басшысы:
«Жалпы осындай жағдай дәнді-дақылдардың вегетациялық кезеңін айтарлықтай қиындатады. Қазір бізде пісіп жетілу фазасы басталады, осы уақытта астық суланып, оны күн күйдіреді. Қуаңшылық астықты ойсыратуы мүмкін. Біз егіннің 20-30%-ын жоғалтамыз».