Смайылов энергетика кәсіпорындарын жекешелендірудің негізділігін тексеруді тапсырды

Қазақстан Премьер-Министрі елдегі энергетика нысандарын жекешелендірудің негізділігін мұқият тексеру қажет екенін мәлімдеді.

Смайылов елдегі энергетикалық нысандарды жекешелендірудің негізділігін тексеруді тапсырды

Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі.

Қатысушылар квазимемлекеттік сектордан төмендетілген бағамен бәсекелестік ортаға берілген қаржы ұйымын республикалық меншікке қайтару шарттарын талқылады. Қазіргі уақытта осы факті бойынша тиісті тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы мен цифрлық медициналық жүйелердің қажеттіліктері үшін өнеркәсіптік өнімдер өндіру саласында жұмыс істейтін бірқатар компанияға қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды.

Сондай-ақ Премьер-Министр Бас прокуратураға елдегі бірқатар энергетикалық объектілерді жекешелендірудің негізділігіне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуді  тапсырды.

Добавить комментарий