Қазақстанда өткен тәулікте 36 адам COVID-19-дан қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар саны артып келеді.

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 27 сәуірде алынған мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте коронавирустан 36 адам көз жұмды.

27 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 260 адам коронавирус инфекциясынан (41 861 КВИ+ және 399 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 785 пациент стационарда, 27 475 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 756 адамның жағдайы ауыр;
  • 179 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Тәулік ішінде коронавирустан 29 адам қайтыс болды. 2020 жылғы 13 наурыздан бері барлығы 3599 өлім жағдайы тіркелді.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 25 сәуірдегі мәлімет бойынша 12 жаңа жағдай тіркеліп, 7 жағдай өліммен аяқталған. 55 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Ауырғандар — 52 471, өлім жағдайлары — 782, барлығы 51 290 адам сауығып шықты.

Добавить комментарий