10 қыркүйекке дейін барлық алматылықтар коронавирус пандемиясына байланысты бірқатар әлеуметтік төлемдерді қарастыратын заң жобасын талқылауға қатыса алады.
Алматы қалалық мәслихаты «Алматы қаласында пандемия кезеңінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» ереже жобасын көпшілік талқылауына ұсынды.
Ережеге түсіндірме жазбада пандемия кезеңінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау үшін азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсету көзделетіні көрсетілген. Көмекке мыналар кіреді:
халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарынан коронавирустық инфекциямен және пневмониямен ауырған адамдарға 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем. Жоспарланған қамту: 815 адам (оптимистік сценарий кезінде), 5 000 адам (пессимистік сценарий кезінде);
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған сауда желілері арқылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік жиынтықтарымен қамтамасыз етуге 10 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек. Жоспарланған қамту: 120 мың адам.
Шешім жобасында осындай көмек көрсете алатын мұқтаж азаматтар санаттарының тізімі көрсетілген:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай қызмет атқарған және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған;
3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты ең төменгі және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
4) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
5) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;
6) асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алатын отбасылар;
7) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын жалғыз басты зейнеткерлер;
8) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар;
9) аз қамтылған отбасылар.
10 мың теңгеге азық-түлік жиынтығына күріш, ұн, бірнеше түрлі жарма, нан, макарон, сүт, қаймақ, сүзбе, ірімшік, сиыр еті, қой, шошқа еті, жылқы еті, шұжық, балық, жұмыртқа, май және өсімдік майы, тұз, қант, көкөністер.
50 мың теңге бір жолғы төлем болады. Ал азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету Алматыдағы пандемия кезінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына кепілдендірілген және кідіріссіз болады.
Жобаны талқылау 10 қыркүйекке дейін жалғасады