Қазақстанда теңге көшет отырғызуға 82 млрд теңге бөлу жоспарлануда

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлағандай, Қазақстанда 2 млрд көшет отырғызуға 82 млрд теңге жұмсалады.

Жоба республикалық бюджеттен де, жергілікті бюджеттен де қаржыландырылатын болады. Республикалық бюджеттен 22 млрд теңге, жергілікті бюджеттерден 60 млрд теңге бөлінеді. Қаражат тиісті техника мен жабдықтарды сатып алу үшін қажет, — деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұл қаржыға тракторлар, ағаш отырғызу машиналары, қопсытқыштар сатып алынады. Көгалдандыру материалын өсіруге арналған питомниктердің аумағы ұлғайтылды.

Биылғы көктемде 21 600 гектар жерге 81 млн 500 мың ағаш отырғызылды. Күзде отырғызылатын көлем 48 млн 200 мың ағашты құрайды. Жыл сайын отырғызылған ағаштың саны өсіп отырады. Осылайша, келесі жылы 244 млн ағаш отырғызу жоспарланған. 2023 жылы — 411 млн., 2024 жылы — 573 млн., 2025 жылы — 643 млн. ағаш, — деп нақтылады ол.

Министрлік сексеуіл, қарағай, үйеңкі, қарағай, қайың отырғызуды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий