Қазақстанда тауарлар бағасының өскені байқалады

Қазақстанда тауарлар бағасы тоқтаусыз өсуде. Бәрінен де азық-түлік бағасы қымбаттады. Қаңтарда инфляция 7%-дан асты.

Бұған дейін үкімет биылғы көрсеткішті 4-6% деңгейінде ұстап тұру міндетін қойған болатын.

Маңғыстау және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан көш басында тұр. Онда инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен асып түсті.

Шенеуніктер азық-түлік бағасы қатты өскенін айтты. Олар ең алдымен Қарағанды, Атырау және Павлодар облыстарында қымбаттады.

Қаңтар айында азық-түлік тауарларының бағасы 12%-ға өсті! Ал ел бойынша орташа көрсеткіш — 11 жарым деңгейіне жетті. Көбінесе өсімдік майы, қант және жұмыртқа қымбаттады.

Добавить комментарий