
Әлеуметтік желілерде сайтқа кіріп, ұтыс ойынына қатысу туралы ұсыныстар белсенді түрде таратылуда. Ұсыныстар таратылып жатқан компанияларда ешқандай ұтыс ойындары өткізіліп жатқан жоқ.
Бағын сынап көруді ұсынатын сайт фишингтік болып шықты. Huawei компаниясының ресми сайтында жаңа жылдық ұтыс туралы ешқандай мәлімет жоқ.
Сонымен қатар, Жаңа жылға қымбат сыйлықтар ойнатылатын платформа ресми болып табылмайды және өндіруші фирмаға ешқандай қатысы жоқ.
Алаяқтардың құрбаны болған желі қолданушылары қызықты сілтеме арқылы өту қауіпті екенін ескертеді.
“Егер ол сізге пошта арқылы немесе WhatsApp арқылы келсе, бұл сілтемені ешкіммен бөліспеңіз! Әрине, адамдар оны жақсы ниетпен жібереді, бірақ сайттың мақсаты – сіздің деректеріңізді ұрлау”, – деп жазады зардап шеккендер.
Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі Huawei Device компаниясының PR менеджері Мұхтарәлі Ыбыраев алаяқтардан тарату жаһандық деңгейде жүріп жатқанын айтты.
“Құрметті достар, егер сізге Huawei-ден поштаңызға cn домені бар ұтыс ойыны туралы сілтеме келсе, онда оған өтпеңіз, бұл спам, және оның артында алаяқтар тұрған болуы мүмкін”, – делінген хабарламада.
Барлық ресми акциялар, байқаулар мен жаңалықтар Facebook-тегі Huawei Mobile әлеуметтік желілерінде және Instagram-дағы @huaweimobilekz парақшасында таратылады, акциялар мына сайтта өткізіледі huaweipromo.kz
Фишингтік сайттар ақылы қосымшалар мен платформалардан жеке аккаунттарға, төлем деректеріне, логиндер мен парольдерге қол жеткізу үшін жасайды. Фишинг арқылы алаяқтар өз құрбандарының компьютерлерін немесе басқа да құрылғыларын толық бақылай алады.