Қазақстанда тауар өндіруге болатын шикізат шіріп жатыр

Қазақстанда жүн мен теріні жинау, сақтау және өңдеу жұмыс істемеуде. Нәтижесінде маңызды өндірістік шикізат дұрыс сақталмағандықтан шіріп жатыр немесе сұраныс болмағандықтан фермерлер лақтырып жатыр.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының құрылтайшысы Наталья Ахшабаева төрағаның орынбасары Адхам Муйдинов жетекшілігімен келген Өзбекстанның «Узчармсаноат» былғары-аяқ киім және жүн-тері бұйымдары кәсіпорындары қауымдастығының делегациясымен кездесу барысында Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің жай-күйін талқылады.

Іс-шара Алматыдағы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті, оған Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы, Алматы өңірлік палатасы өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты.

Қауымдастық құрылтайшысының айтуынша, Қазақстанда тоқыма өндірісі бойынша кластер құру немесе аяқ киім фабрикасын толық циклді ашу мүмкін емес. Елде фермадан фабрикаға дейін жеткізу тізбегі бұзылған. Фермерлер жүн өндіруге мүдделі емес, тері қабылдау пункттері жұмыс істемейді.

«Жыл сайын біз 450 тонна мақта, 25-37 мың тонна жүн және 7,5 миллион тері өндіреміз. Бірақ, дайын өнімнің 95%-ын біз импорттаймыз, себебі шикізат іс жүзінде қайта өңделмейді, барлық логистика бұзылған. 2019 жылы біз 36 мың тонна жүн жинадық, 27 мың тонна жойылды. Жай жиналып, босқа тасталды. Жүн дұрыс сақталмағандықтан шіріп кетті. Біздің фермерлер жеңілдікті қойдың басына ғана алады, ал оның терісі мен жүнін тапсырғаны үшін оған ешқандай субсидия берілмейді», — деп мәлімдеді Наталья Ахшабаева.

Добавить комментарий