ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерді есепке алу қағыдаларына өзгеріс енгізілгенін хабарлады.
Атап айтқанда, ведомство «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» нормативтік-құқықтық құжатының жобасын әзірледі.