Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Нұр-Сұлтан: Президент машина жасаушылар форумында сөз сөйледі

17 сентября 03:07 / Опубликовано в Қоғам

Қазақстанда машина жасаушылар форумы онлайн форматта ашылды. Іс-шарада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.

«Құрметті форумға қатысушылар, сіздерді Қазақстанның машина жасаушыларының сегізінші форумының ашылуымен құттықтаймын!

Форум мемлекет пен бизнестің жүйелі диалогы, отандық машина жасау саласын дамытудың өзекті мәселелерін шешу үшін жетекші алаңға айналды.

Биыл іс-шаралардың көпшілігі онлайн режимде өтеді. Осы форум мен оның аясында ашылған машина жасау және металл өңдеу жөніндегі бірінші халықаралық онлайн-көрме де ерекшелік емес.

Пандемиямен байланысты күрделі экономикалық кезеңге қарамастан, отандық машина жасау өсімнің жақсы қарқынын көрсетуде — ағымдағы жылы 14 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш бойынша сала еліміздің барлық өңдеуші секторы бойынша жетекші орынға шықты.

Жолдауымда мен әртараптандырылған және технологиялық жағынан дамыған экономика құру, өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемін 1,5 есеге ұлғайту жөнінде міндеттер қойдым. Бұл үшін мемлекет отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін жетілдіреді, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң қабылданады.

Қазіргі заманда Қазақстанның машина жасау саласы өзінің қарқынды дамуын жалғастыратынына сенімдімін. Саланың өндірісті кеңейту және экспортты ұлғайту үшін айтарлықтай әлеуеті бар.

Баршаңызға жемісті жұмыс пен алға қойған мақсаттарға жетуде табыс тілеймін! — делінген құттықтау хатында.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: машина жасаушылар, онлайн форум, пандемия, президент, сөз сөйледі, Қазақстан, Қасым-Жомарт Тоқаев

Читать ещё

Қазақстандық фильм мұсылман кинолары фестивалінде Гран-при алды
Жер пайдаланушылар туралы мәліметтер базасы әлі де қолжетімсіз
Қысқы демалыстың ұзаққа созылуы оқу жылының ұзақтығына қалай әсер етеді

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Беларусь терроризм үшін өлім жазасын енгізді

    ...
  • Мариупольдегі ғимараттардың 60%-дан астамы қалпына келтірілмейді

    Мариупольдегі ғимарады зерттеу қала ғимараттары...
  • МӘМС қызметтерінің тізімін кеңейту жоспарлануда

    ...
  • ЕО соғыстан кейін Украинаны қалпына келтірудің стратегиялық жоспарын жариялады

    Еуропалық комиссия Украинаны қалпына келтіру бо...
  • «Азов» жауынгерлері сотталады

    ДХР басшысы Денис Пушилин тұтқынға берілген «Аз...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: