Қазақстанда шетелдік отбасы жаңа туған сәбиін сатқан

Өзбекстаннан келген ерлі-зайыпты өздерінің жаңа туған балаларын Қазақстандағы баласы жоқ жұптарға сатып күн көрген.

Алматы қалалық полиция департаменті бала сату фактісін анықтады, деп жазады әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Өзбекстандық 1993 жылы туған Х. есімді азаматша Х. және 1982 жылы туған Р. есімді азамат ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы ҚК-нің 135-бабы 2-тармағының 2-бөлігі (дәрменсiз күйде екені көрінеу белгiлi кәмелетке толмаған адамға қатысты сатып алу-сату немесе өзге де мәмілелер жасау) бойынша жүргізіледі.

Жүргізілген жедел іс-шаралармен және тергеу іс-шараларымен 2020 жылдың қарашасында материалдық пайда табу мақсатында ерлі-зайыпты Шымкент қаласындағы перзентханалардың бірінде босанғаннан кейін жаңа туған ұлын Қызылорда облысындағы отбасылық жұбыпқа сатқаны анықталды. Алайда, 2021 жылдың ақпанда бала туа біткен ауруларына байланысты қайтыс болды.

Сонымен қатар, 2019 жылдың сәуір айында Тараз қаласында орын алған осыған ұқсас тағы бір факті анықталды. Күдіктілер өзінің алғашқы баласын бөгде адамдарға сатқан. Бала тәрбиелеп отырған отбасы анықталды.

Тергеу жұмыстарын Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы жүргізуде.

Күдіктілер қамауға алынды.

Добавить комментарий