Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжам отыр

Қазақстанда 2021 жылғы 22 маусымда батыс және шығыс өңірлерді қоспағанда, республиканың аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде.

Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтілуде, қалған аумағында жаңбыр жауады, бұршақ жауады және екпінді жел соғады.

Қазақстанның барлық аумағы бойынша, 22 маусым, сейсенбі күнгі ауа райы болжамы «Қазгидромет» РМК сайтында жарияланда.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Түнде жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 17-19 градус жылы болады.

Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, желдің күші 3-8, екпіні 15 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 15-17 градус, күндіз 23-25 ыстық болады.

Шымкентте күн күркіреп, жауын-шашынсыз ауа райы болады, желдің жылдамдығы 8-13, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 29-31 градус ыстық болады.

Добавить комментарий