Қазақстанда 2021 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында шай мен кофе бағасы айтарлықтай көтерілді. Экономистер бұл үрдіс жалғасады деп есептейді.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында елімізде 6,5 мың тонна қайта өңделген шай мен кофе құйылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,5%-ға артық, алайда олардың бағасы айтарлықтай көтерілді.
Өңірлік бөліністе өндіріс бойынша дәстүрлі түрде Алматы көш бастап тұр: 3,7 мың тонна, бір жылда минус 18,9%. Үздік үштікке Шымкент (бір жылда өсім 20 есе, 2 мың тонна), Қарағанды облысы (бір жылда өсім 28,3 есе, 453 тонна) кірді.
Өткен жылы секторда 18,7 мың тонна шай мен кофе өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,9%-ға артық.
2021 жылғы мамырда қара байх шайының орташа бөлшек сауда бағасы бір килограмм үшін 3,6 мың теңге болды. Еліміздің ірі қалаларының ішінде Қарағандыда шай қымбат: бір келісі үшін 4 мың теңге.
Елордада (3,9 мың тг) және Алматыда (3,8 мың тг) қымбат баға тіркелді. Талдықорғанда шайды арзан бағада сатып алуға болады: бір келісі үшін 3,3 мың тг.
Сәуір айында Қазақстан бойынша шай орта есеппен 12,4%-ға қымбаттады. Бұл ретте, орташа есеппен алғанда, шай бағасы ҚР-дағы 17 өңірдің 7-еуінде баға өскен. Батыс Қазақстан облысында шай 25,3%, Павлодар облысында — 21,4%, Шымкентте — 19,3%-ға қымбаттады, — дейді сарапшылар.
Өз кезегінде, ҚР бойынша кофе орташа есеппен бір жылда 5,3%-ға өсті. Ең жоғары өсім Қызылорда облысында байқалды: 16,5%.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында отандық өндірушілер қайта өңделген шай мен кофеге сұранысты (ішкі нарықта сату және экспорт) 31,1%-ға қамтамасыз еткен, өткен жылмен салыстырғанда 27,6%-ға көп, — деп атап өтті сарапшылар.
Импорт үлесі тиісінше 68,9%: елге 10,2 мың тонна шай және кофе жеткізілді — бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3%-ға аз.
Экспортқа жылына 2,5 мың тонна қайта өңделген шай мен кофе жіберілді, бір жылда минус 26,8%. Өз кезегінде, ҚР ішкі нарықта 12,3 мың тонна өнім сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,6%-ға артық.
Сонымен қатар, хош иісті қоспалары бар ерекше сорттарды қоса алғанда, Қазақстанға бірінші тоқсанда 28,1 млн АҚШ долларына 7,8 мың тонна шай импортталды. Өсім заттай көріністе 2,5%, ақшалай мәнде — 5,3%.
Секторда импорттың басым бөлігі Кенияның үлесінде: 3,6 мың тонна. Өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ға аз. Ақша мәнде импорт – 12,4 млн доллар.
Екінші және үшінші орында Үндістан (10 млн доллар, 2,8 мың тонна) және Ресей (652,9 тонна, 4 млн доллар).