10 желтоқсанда кешке Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталады. Орталық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, мәжілістегі орындар үшін ОСК-да тіркелген бес партияның өкілдері күресетін болады.
Орталық сайлау комиссиясынан Конституциялық заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңі партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша 00.00-де, яғни 10 желтоқсан сағат 18.00-ден бастап 9 қаңтар 00.00-ге дейін аяқталады, деп хабарланды.
Дәл осындай үгіт-насихат мерзімдері мәслихат сайлауы үшін белгіленген.
Сайлау учаскелерінде дауыс беру сайлау күні сағат 07.00-ден жергілікті уақыт 20.00-ге дейін өткізіледі.
Мәжіліс сайлауына қатысушы партиялар
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы ҚХА кеңесіне тиесілі. Үміткерлерді ұсыну бір ай бұрын — 11 желтоқсанда басталып, жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де сайлауға 21 күн қалғанда, яғни осы жылдың 22 желтоқсанында аяқталады.
Егер сайлау тағайындау кезінде өзгешеліктер белгіленбесе, кандидаттарды тіркеу 20 күн бұрын — 22 желтоқсанда басталады және жергілікті уақыт бойынша 18.00-де сайлаудан 15 күн қалғанда — 27 желтоқсанда аяқталады.
Қазақстанда оппозициялық партиялар жоқ — Әділет министрлігінің басшысы
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс пен мәслихат сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі.
Парламенттің төменгі палатасындағы орындар үшін алдағы сайлауда бес партиядан кандидаттар таласқа түседі:
- Nur Otan партиясы
- Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы
- Қазақстан Халық партиясы (экс-коммунистер);
- «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы
- «Адал» саяси партиясы