Қазақстанда Pfizer вакцинасымен қанша адам егілді

Pfizer вакцинасын салдыруға рұқсат берілгеннен кейін, екі компонентті бастапқы мақсатты топқа кірмеген 58 мың адам алды.

Миллионнан астам қазақстандық Pfizer вакцинациясының толық курсынан өтті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Вакцинаның І компонентін 1 137 725 азамат, оның ішінде 845 138 жасөспірім, 39 370 жүкті әйел, 140 120 емізулі баласы бар ана және Pfizer алушылардың мақсатты тобына кірмеген 113 096 адам алды.

Препараттың ІІ компонентін1 016 128 азамат, оның ішінде 793 924 жасөспірім, 35 221 жүкті әйел, 128 691 емізулі баласы бар ана алды. Pfizer вакцинациясының толық курсынан өткен 58 292 адам мақсатты топқа кірмеген.

Бастапқыда Қазақстанда Pfizer вакцинасы 12 жастан асқан балаларға, жүкті және емізулі баласы бар әйелдерге ғана қолжетімді болды. 2022 жылдың қаңтар айында бұл препаратты 60 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау үшін пайдалануға рұқсат етілді. Қазір Pfizer вакцинасы барлық азаматқа ревакцинация үшін қолжетімді болды.

Анықтама! Егу кабинеттерінде Pfizerден басқа вакциналардың жоқ екендігі туралы хабарлануда.

Добавить комментарий