Қазақстан қор биржасы таңертеңгі сауда-саттықта доллар бағамының күрт өскенін хабарлады.
АҚШ валютасының бағасы бір доллар үшін 430 теңге деңгейіне дейін көтерілді.
KASE Қазақстан қор биржасының мәліметтеріне сәйкес, таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 431,93 теңгені құрады. Бір күн бұрын ол 429,76 теңге болған. Осылайша, доллар бағамы 2,10 теңгеге көтерілді.
Айырбастау пункттері мен екінші деңгейлі банктерде доллар 432-434,5 теңгеге сатылып, орташа есеппен 431 теңгеден сатып алынады.
Алматының айырбастау орындарында долларды сатудың орташа бағамы 432,82 теңге, сатып алу бағамы 431,29 теңгеге тең