Елімізде доллар бағасының өсуі жалғасуда. Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарлауынша, АҚШ долларының орташа өлшемді құны 0,98 теңгеге көтеріліп, 424,43 теңгені құрады.
Айырбастау пункттерінде доллар 423,6-425,1 теңге, еуро — 499,2-502,2 теңге, өсті. рубль — 5,5-5,7 теңгеден сатып алады/сатады.
Сонымен қатар, 26 наурыз күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді.
WTI маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 1,13% өсіп, барреліне $59,22 болды.
Мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,91%-ға — барреліне $62,36-ға дейін өсті.