Қазақстан Германияға мұнайдың алғашқы партиясын ақпан айында жеткізеді

«Дружба» мұнай құбыры арқылы қара алтынның бірінші партиясы ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстаннан ГФР-ға жеткізіледі.

«Германияға экспорт бойынша бірінші партияны жеткізу туралы келісім бар. Техникалық тұрғыдан бұл проблема емес. Бұл техникалық нәрселер ресімдеуге, қайта бағыттауға, маршруттарға байланысты. Бұл мәселелер жойылды. Яғни, ақпан айында жеткізуді жүзеге асырамыз. Бірінші партия — ақпанның бірінші жартысында — 20 мың тонна жөнелтіледі», — деді энергетика министрі Болат Ақшұлақов сәрсенбі күні энергетика министрлігінің алқа отырысында.

Ол бұған дейін бірінші партияны жіберу 2023 жылдың қаңтар айының соңына дейін жоспарланғанын, бірақ техникалық ақау салдарынан мерзімі кері шегерілгенін айтты.

«Себебі Қазақстаннан Самараға дейінгі мұнай құбыры жүйесі және одан әрі РФ аумағы бойынша қайта бағыттау РФ ЭМ-де орналасқан, одан әрі соңғы пунктке дейін «Транснефти» жүйесіне тиесілі емес, сондықтан мұның барлығын байланыстыру қажет болды», — деп түсіндірді министр.

Добавить комментарий