Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарлауынша, бүгін, таңғы сағат 11:00-дегі жағдай бойынша сауда-саттық нәтижесінде АҚШ доллары қымбаттады.
Оның орташа алынған бағамы 427,19 (+0,35) болды.
Айырбастау пункттерінде долларды 426,7 сатып алады және 429 теңгеден сатады, еуро — 502,5-504,5 теңге, Ресей рублі — 5,6-5,67 теңге.
Мұнай бағасы 5 сәуір күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы төмендеді
Осылайша, WTI маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 0,93%-ға төмендеп, барреліне $60,88-ды құрады.
Мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,97%-ға — барреліне $64,23-ға дейін төмендеді.