Ресей мұнай өндірісін тәулігіне 500 мың баррельге қысқартты

Ресей мұнай өндіру көлемін қысқартқанын хабарлады. Сейсенбі күні Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак Ресейде мұнай өндіру тәулігіне 500 мың баррельге қысқарту деңгейіне жақындап қалғанын, бұл жақын күндері орын алатынын айтты.

Ол сондай-ақ Ресей заңсыз шектеу шараларын толық қабылдамайтынын, дегенмен өз еркімен мұнай өндіруді наурыз айынан бастап тәулігіне 500 мың баррельге шектейтінін атап өтті. Новактың айтуынша, Ресей аталған көрсеткішке қол жеткізуге жақын.

2023 жылдың ақпан айында ЕО мұнай өнімдері бағасына шекті баға бекітті: мазут пен нафта — 45 долларға, дизель мен керосин — 100 долларға бағаланады.РФ президенті Владимир Путин келісімшарттарда ресейлік энергия ресурстарының шекті бағасын бекіткен елдерге Ресей мұнайы мен мұнай өнімдерін жеткізуге тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды. Мұнай өндіруді шектеу нарықтық қатынастарды қалпына келтіруге ықпал етуі мүмкін.

 

Добавить комментарий