Қазақстанда болған наразылық шарасы Ресейде қызу пікір тудырды

Жыл басында Қазақстанда орын алған наразылық шарасы Ресей үшін ескерту болды. Естеріңізге сала кетейік, ҚР-дағы жаппай наразылық шарасына үкіметтің сұйытылған газ бағасын екі есеге көтеруі себеп болды. Бейбіт басталған шеру жаппай тәртіпсіздікке ұласты, Тоқаев Қазақстанға лаңкестік шабуыл жасалғанын хабарлады. Осыған қарамастан, Мемлекет басшысы бейбіт шерушілердің талабын орындады.

Мәселен, Қазақстанда наразылық білдірушілер республиканың бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты саясаттан толықтай кетуіне жеткізді. Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шерушілердің үкіметті тарату туралы талабын қанағаттандырды.

Сарапшылардың айтуынша, Ресей Қазақстанда орын алған оқиғадан сабақ алу керек, Ресей үкіметі жағдайды бақылауда ұстап, жаппай демонстрацияларға жол бермеу үшін ішкі саясатты күшейтуі мүмкін.

Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктерді ресейлік саясаткерлер қызу талқылауда

Елімізде наразылық шарасы басылмай тұрғанда Мемлекеттік Думада ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский Қазақстанда мемлекетті орыс ұлты басқару керек деп талап етті. «Единая Росия» партиясынан Мемлекеттік Дума депутаттары да үнсіз қалмады. Мәселен, партия мүшесі Сұлтан Хамзаев әлеуметтік желілерде Қазақстан Ресейге қосылуы бойынша референдум өткізу туралы ұсынысты қолдап, оны «шынайы демократияның көрінісі» деп атады. Айта кетерлігі, ресейлік саясаткерлер тарапынан мұндай мәлімдемелер бірнеше мәрте айтылды, бұл Қазақстанда халықтың шамына тиіп, сынға ұшырады.

Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктерді ресейлік саясаткерлер қызу талқылауда

Ресей тарапы Орталық Азияд еліне қатысты арандату сипатындағы мәлңмдемелерді тоқтатпайды және Орталық Азиядағы геосаяси мақсат қол жеткізуге бағытталған саясатын жалғастыра түседі.

Добавить комментарий