Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Баршаңызды Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Сіздер адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келесіздер. Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Тоқаев мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударады деп уәде берді. Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты.

«Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», — деді Президент.

Добавить комментарий