2022 жылғы 17 желтоқсанда таңертеңгі жағдай бойынша, бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 205 адам анықталды.
17 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 175 адам коронавирус инфекциясынан (–2 068+ және 328 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 328 пациент стационарда, 1 847 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
14 адамның жағдайы ауыр,
1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Өткен мәліметтер бойынша, Қазақстанда бір тәулікте 270 адам коронавирус жұқтырған болатын.