Қазақстанда балалар «Евровидениесіне» іріктеуге қатысуға өтінім қабылдау басталды. 9-14 жас аралығындағы орындаушылардың ата-аналары өтінім бере алады (конкурс финал уақыты кезінде).
Ұлттық іріктеу төрт кезеңнен тұрады.
Балалар үшін «Евровидение» байқауына іріктеудің бірінші кезеңі — өтінімдер қабылдау
Байқауға қатысуға ниет білдіргендер сауалнаманы толтырып, ұлттық іріктеудің ресми сайтында әннің бейнежазбасын жүктеуі керек.
Өтінімдерді қабылдау 6 қазанға дейін жалғасады.
Ең мықтыларын іріктеу және онлайн дауыс беру
Екінші кезең — бұл халықаралық ән байқауларының жеңімпаздары мен танымал орындаушылардан құралған әділ-қазы алқаларының шешімімен ең мықты деген 30 қатысушыны іріктеу кезеңі.
Үшінші кезең — ұлттық іріктеу сайтында онлайн дауыс беру. Қазақстандықтар өздеріне ұнаған қатысушыға дауыстарын бере алады. Онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша ұлттық іріктеудің финалистері анықталады.
Байқаудың финалы және еліміздің ең танымал композиторлардың әндерін орындау
Төртінші кезең – Ұлттық іріктеудің финалы. Бұл кезеңде еліміздің ең танымал деген композиторларының қатысушыларға арнап жазған арнайы әнін орындау.
Әділқазылар алқасының берген бағасы мен SMS дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз анықталатын болады. Ең көп ұпай жинаған финалист Парижде өтетін Junior Eurovision Song Contest халықаралық ән байқауында Қазақстан атынан сайысқа шығатын болады.
Байқаудың финалдық шоуы 2021 жылдың 19 желтоқсанында «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. Биылғы Eurovision балалар байқауында 19 ел қатысады: Албания, Армения, Әзірбайжан, Болгария, Франция, Грузия, Германия, Ирландия, Италия, Қазақстан, Мальта, Нидерланды, Солтүстік Македония, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Испания және Украина.