Қазақстанның гидрометеорологиялық орталығында хабарлағандай, еліміздің барлық аумағында 15 қыркүйек күні ауа райы Қара теңіз аудандарынан келген циклонға байланысты болады. Ол өзімен бірге найзағайлы жаңбыр әкеледі.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ҚР солтүстік-батысында және шеткі солтүстігінде түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман болады. Антициклонның әсерінен ғана елдің оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде жел соғады, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жауады, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады.
Қарағанды облысында кей жерлерде жел соғады, күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында күндіз жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл болады. Күндіз Алматы, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында таңертең және күндіз таулы аудандарда жауын-шашын күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан, Атырау облыстарының оңтүстігінде, Алматы облыстарының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.