Қазақстанда қашықтықтан оқытудың жаңа стандарты енгізіледі

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне қарасты Қазақстандық стандарттау және метрология институты қашықтықтан оқытудың жаңа стандарты әзірленіп жатқанын хабарлады. Бұл стандарт қашықтықтан оқытуды дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді, сондай-ақ осы саладағы қызметтердің сапасын бағалау үшін өлшемшарттарын белгілейді.

ҚазСтандарттың бас директоры Ғабит Мұхамбетов қазіргі заманда семинарлар, курстар мен білім беру бағдарламалары виртуалды кеңістікке көшіп жатқанын, бұл қашықтықтан оқыту сапасын арттыру өте маңызды еекенін атап өтті.

Қазақстан «Білім беру және оқыту саласындағы қызметтер. Қашықтан оқытуға қойылатын талаптар» ұлттық стандартты әзірлеу арқылы онлайн-білім беру саласын белсенді дамытуға және осы салаға елеулі үлес қосуға ұмтылады

Аталған ұлттық стандарттың негізгі мақсаты Интернетте жай ғана сабақ беру ғана емес, заманауи технологияларды ұсынатын мүмкіндіктерді барынша пайдалану болып табылады. Жаңа стандарт осы саладағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау өлшемшарттарын белгілеу арқылы қашықтықтан оқытуды дамытуға және жақсартуға ықпал етеді, деп атап өтті Ғабит Мұхамбетов.

 

Добавить комментарий