Астананың орталық саябағындағы гүлзарға II Елизаветаның есімі беріледі

Елорданың орталық саябағындағы гүлзарлардың біріне ІІ Елизавета Патшайымның есімі беріледі.

Шешімді Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаев қабылдады.

Бұл туралы сенат спикері Мәулен Әшімбаев патша III Чарльзбен әңгімелесу барысында мәлімдеді.

«Ұлыбритания монархы мұрагер ханзада ретінде 1996 жылы Қазақстанға жасаған сапарын еске алды. Сондай Король Патшайымның қазасына байланысты ықылас танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан басшылығы мен халқына игі тілектері мен ілтипатын жеткізді», — делінген сенаттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 2022 жылғы 18-19 қыркүйекте Лондонда өткен Ұлыбритания және солтүстік Ирландия патшайымы II Елизаветаны мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысты.

ҚР Президенті елордадағы гүлзарлардың біріне II Елизаветаның есімін беру туралы шешім қабылдады

Сенат Спикері 18 қыркүйекте Вестминстер холлында Патшайымның табытын зиярат ету рәсіміне қатысып, Қазақстан Республикасының атынан ресми көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Ол II Елизавета аса көрнекті көшбасшы және британ ұлтының бірлігі мен тұрақтылығының символы болғанын, алдағы уақытта да Патшайымның тектілігі, қадір-қасиеті мен жетістіктері әлемдегі миллиондаған адамды жігерлендіре беретінін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корол ІІІ Чарльзге көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Корольдің, корольдік отбасы мен барлық британдықтың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Сондай-ақ ел Президенті Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Добавить комментарий