Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер саны азайды

Қазақстанда коронавирус салдарынан енгізілген карантинге байланысты қашықтан жұмысқа ауыстырылған қызметкерлер саны азаюда.

Қазақстанда «қашықтан» жұмыс істейтіндердің саны екі есеге азайды, деп хабарлайды Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

ІІІ тоқсанда қашықтан жұмыс істейтіндер саны айтарлықтай төмендеді: өткен тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 75 мыңнан 41 мың адамға дейін азайды.

«Шектеу шараларын жеңілдете отырып, қызмет көрсету, соның ішінде ақпарат және байланыс, сауда және денсаулық сақтау салаларындағы жұмыспен қамту көлемі артты. Сонымен қатар, жұмыспен қамту құрылымы өзін жұмыспен қамтуды ұлғайту жағына қарай өзгеруде, бұл көбінесе өнімсіз болып келеді», — деп хабарлады «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская.

«Қашықтан істейтін» жұмысшылардың күрт төмендеуі жұмысшылардың дәстүрлі жұмыс сипатына оралуымен байланысты, бұл ретте қашықтан істейтін жұмысшылардың басым көпшілігі әйелдер, ер адамдар тек 36,5% болып отыр.

Сондай-ақ, ауылда қашықтан жұмыспен қамтудың қысқаруы (36%-дан 18%-ға дейін) және қалалық жерлерде қашықтан жұмыс істейтіндердің баламалы өсуі байқалады. Сонымен қатар, жұмысшылардың 93%-ы өздерінің байланыс құралдарын пайдаланса, жұмыс берушілер 7%-ын ғана қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті.

«Өткен тоқсанмен салыстырғанда, ағымдағы жылдың III тоқсанында жұмыс күшінің саны 7,2 мың адамға немесе 0,1%-ға өсті және 9,3 млн құрады. Егер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырсақ, жұмыс күшінің 95,7 мың адамға немесе 1%-ға өсуін атап өтуге болады», — деп атап өтті сарапшы.

Бұл ретте тоқсандық, сол сияқты жылдық серпінде жұмыспен қамтудың негізгі өсімі өзін жұмыспен қамтығандар санының артуына байланысты болуда. Жылдық серпінде өзін жұмыспен қамтығандардың абсолюттік өсімі (+67,6 мың адам) жалдамалы жұмысшылардың өсімінен екі еседен астам асып түсті.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың табыс деңгейі артуда

Бұдан басқа, тоқсандық кезеңде өзін жұмыспен қамтыған халықтың өсуі өнімсіз өзін жұмыспен қамтудың 19%-ға ұлғаюы есебінен болды.

«Өз кезегінде, егер бір жылдық кезеңді салыстыратын болсақ, өнімсіз өзін жұмыспен қамтығандардың қысқаруы кезінде өнімді өзін жұмыспен қамтығандардың айтарлықтай өсуін атап өтуге болады. Біріншісінің саны 110,5 мың адамға (6%) артса, екіншісінің саны 42,9 мың адамға (19%) азайды. Яғни, соңғы 12 айда өзін жұмыспен қамтығандардың табыс деңгейі артып келеді», — деп атап өтті Александра Молчановская.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша еңбекақы төлеуге келетін болсақ, осы жылдың 3-тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 243,7 мың теңгені құрап, тоқсан ішінде абсолюттік мәнде 8 мыңға жуық теңгеге қысқарды. Бұл ретте Атырау (+5,2%), Қостанай (+3,2%) және Батыс Қазақстан (+2%) облыстарынан басқа барлық өңірлерде төмендеу орын алды.

Салалар бөлінісінде ең көп жалақы білім беру саласының қызметкерлері үшін (51,8 мың теңгеге немесе 22%-ға) қысқарып, 182,1 мың теңгені құрады. Маусымдық өзгерістер ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне де әсер етті, олар үшін орташа айлық жалақы, керісінше, 15%-ға өсті және далалық жұмыстардың жазғы-күзгі кезеңінде 167,5 мың теңгеге тең болды.

Добавить комментарий